Ортаңғы "Қарлығаш" тобында жаңа жылдық ертеңгілік.

Жаңа жылға арналған сценарий: “Қош келдің Жаңа жыл”
(Балалар залға кіріп, өз орындарына отырады. Жүргізуші сахнаға шығады.)
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты балалар, ата-аналар, келе жатқан жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Бүгін біз осында Жаңа жылды бірге қарсы алу үшін жиналып отырмыз. Біздің шыршамыз көңілсіз, бәріміз бірге шырша шамын жағайық. Қане, біздің сиқырлы таяғымызбен сиқыр жасайық!
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат.
(Шырша шамы жанады)
Жүргізуші: Балалар, шыршамызға арналған әсем әнімізді шырқап берейік.
Ән: «Шырша, шырша»
Жүргізуші: Балалар бізге біреу келе жатырған сияқты, қане тыңдап көрейік. (Осы сәтте Ақша Қар келеді.) О, Ақшақар, қош келдің.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Армысыздар қонақтар, жаңа жыл баршаңызға құтты берекелі жыл болсын. Мен Аяз Атаны жоғалтып алдым, қайда екенін білмеймін! Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?
Жүргізуші: Әрине, Ақша Қар! Қане, барлығымыз бірге айқайлап шақырайық, ол жақын жерде жүрген сияқты, бірақ біздің дауысымызды естімей тұр. Дәл қазір оны дауыстап шақыру керек! Қане, бәріміз бірдей, Аяз Атаны шақырайық!
(Барлығы дауыстап “Аяз Ата!” деп айтады.)
Аяз ата келемін дегенше қыздарымыз Ақшақармен би билегісі келіп тұр.
Би: «Ақұлпа биі»
(Музыка әуенімен Аяз ата кіріп келеді)
Аяз Ата: Мен сендерді сонау алыстан естіп келдім қалдым! Ақша Қар, мені тапқандарыңызға қуаныштымын! Құрметті балалар, қадірлі ата-аналар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл әрқайсыңызға бақыт, денсаулық, қуаныш және табыс әкелсін. Қымбатты балалар, жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Жаңа жыл барлығына қуаныш, бақыт әкелсін.
Жүргізуші:
Ал, енді, балалар, біздің Аяз атамызға арналған әнімізді шырқап берейік!
Ән: «Біздің Аяз атамыз»
Ақшақар: Қане, бәріміз би билеп, көңіл көтерейік! Біздің биші ұлдарымыз қайда, мен сендерді биге шақырамын!
Би: «Көңілді гномдар»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Өте керемет би биледіңдер! Біз Ақшақармен көңілді ойын ойныйық.
Ойын: «Қар жинау»
Жүргізуші: Біздің шыршамыз сәл көңілсіз сияқты. Біздің шыршамызға арнап қыздарымыз би билесін! Қалай ойлайсың, Ақшақар?
Ақшақар: Біздің шыршаға көңілді би керек екен! Келіңіздер, бәріміз “Шырша биін” билейік!
Би: «Шырша»
Жүргізуші: Аяз атамызбен ойын ойнасақ қалай болады екен, Аяз ата келіңіз.
Аяз Ата: Әрине
«Ойын Аяз атамен»
Аяз Ата: Қымбатты балалар, менің көңілім өте көтеріңкі! Бүгінгі керемет мереке үшін сіздерге рақмет! Көптеген ғажайып сәттер мен күлкіге толы уақыт өткіздік.Бірақ, менің енді жолым алыс — басқа балаларға баруым керек.Келесі жылы кездескенше! Сау болыңыздар, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын!
Ақшақар: Балалар біздің жаңа жылдық сыйлықтармызды қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Бүгін қандай керемет жаңа жылдық кеш болды. Әрдайым осылай керемет сиқырлы кештер мен қонақтар көп болсын. Балалар жарайсыңдар қызықты билер мен әндер айттыңдар. Жаңа жыл меркесі баршамызға бақыт, шаттық әкелсін. Көтеріңкі көңіл күй тілейміз. Жаңа жыл құтты болсын.
