1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесі » КГКП "Ясли - сад №27"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№27 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(72636) 43-50-93
Әдіскер:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесі
02
қыркүйек
2024

1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін балалардың біліктері мен дағдыларының тізбесі

Рет №

Дағдылар тізбесі

Бөбек жасы

(1-2жастағы балалар)

Мектепке дейінгі жас

(3-5 жастағы балалар)

Ерте жас тобы (1жастағы балалар )

Кіші топ (2 жастағы балалар)

Ортаңғы топ (3 жастағы балалар)

Ересек топ (4 жастағы балалар)

Мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы)

мектепалды сынып

(5 жастағы балалар)

Физикалық қасиеттерді дамыту

1

 Мәдени-гигиеналық дағдыларды және өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру 

Үстел басына отырады,

ересектердің көмегімен киінеді және шешінеді, түбекке сұранады.


Жеке гигиенаның бастапқы дағдыларын меңгерген;

үстел басына өз бетінше отырады,ересектердің көмегімен

белгілі бір ретпен киінеді және шешінеді.


Күнделікті гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін біледі; киімін өз бетінше киеді және шешеді.

Гигиеналық шараларды орындау ретін біледі; өз бетінше киімін киеді және шешеді, ересектердің көмегімен киімдерін жинайды.

Гигиеналық шараларды өздігінен орындайды; шынықтыру шараларының маңыздылығын және қажеттілігін түсінеді.

2

Дене шынықтыру

Ересектердің саусақтарынан ұстайды. Заттарға ұмтылып, екі қолымен ұстайды, заттарды қолдан қолға ауыстырады.

 Берілген бағытта жүре алады, жүгіре алады. Баспалдақпен жоғары көтерілгенді және төмен түскенді ұнатады. 

Жүгіру, өрмелеу және секірудің алғашқы дағдыларын меңгереді.

Негізгі қимыл түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын меңгереді.

Негізгі қимыл түрлерін өздігінен орындай алады.

3

Дербес қимыл белсенділігі

Өздігінен жүре алады.Ересектердің көрсетуі бойынша қимылдарды қайталайды.

Ересектердің бақылауымен ойын әрекеттерін орындайды.

Бірлескен қимылды ойындарға қатысады.

Өз бетінше түрлі ұлттық ойындарды ойнайды, ойын ережелерін сақтайды және ойындардың барлық ережелерін сақтайды.

Қимылды ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық танытады, ойын ережелерін сақтайды.

4

 Сауықтыру-шынықтыру шаралары 

Күн тәртібін орындайды.

Шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады және қауіпті жағдайда сақтық танытады.

 Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі, 

ересектің көмегімен шынықтыру тәсілдерін орындайды.


Салауатты өмір салтының қарапайым ережелерін біледі және сақтайды, ересектердің көмегімен тыныс алу жолдарын шынықтырады.

Шынықтыру шараларының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді; салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерге ие.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту

1

Сөзді түсіну

Үлкендерді тыңдайды, түсінеді, тапсырманы орындайды.

---------

--------

----------

-------------

2

 Белсенді сөз 


Әдепті сөйлеуге талпынады;

 қарапайым сұрақтарға жауап береді; 

екі-үш сөзден тұратын сөйлемдерді айта алады.

-------------

--------

--------

-------------

3

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті


-------------

Жеке дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады.

Дауысты және кейбір дауыссыз дыбыстарды анық айтады қазақ халқының құндылықтарына қызығушылық танытады;

ересектердің сөзін түсінеді, өзінің пікірін айтады.


Фна тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтады ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді, өз ойын айтады;

 бір-бірімен, ересектермен сөйлеседі; 

естігені, көргені, өзі қолдан жасаған заттары туралы айтады;

қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді.

Дұрыс, мәнерлі сөйлей алады. интонациялық мәнерлеудің түрлі тәсілдерін қолданады.

4

Сөздік қорды қалыптастыру


-----------

Ойыншық, киім, аяқкиім, ыдыс, жиһаз, көгөніс пен жеміс, үй жануарлары мен олардың төлдерінің атауларын, көлік құралдарын және жеке бас гигиенасы заттарын білдіретін сөздерді атайды.


Барлық қимылдарды, заттар мен құбылыстарды, олардың белгілері мен сапасын атайды.

Сөйлеуде күнделікті көп қолданылатын сын есімдерді, етістіктерді, қолданады.


 Сөйлеуде антоним, синоним сөздерді қолдана отырып, тілдегі сөздің көп мағыналығын түсінеді 

қазах халқының құндылықтарын құрметтейді

 әртүрлі ойындарды бірге, келісіп ойнайды. 

5

Тілдің грамматикалық құрылымы

-----------

Қазақ халқының құндылықтарына қызығушылық танытады; өз ойын айтады

зат есімнің көпше түрін қолданады.


Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Сөйлемдегі сөздерді байланыстырады, көмекші сөздерді дұрыс қолданады.

Түбірлес сөздерді жасап қолдана біледі, етістіктерді жалғаулармен қолданады, сөйлеу әдебін, жай және жайылма сөйлемдерді қолданады.

6

 Байланыстырып сөйлеу 


------------.

 Ересектердің сөзін түсінеді, қарапайым және неғұрлым күрделі сұрақтарға жауап береді. 


Ересектердің сөзін тыңдайды және түсінеді, сұрақтарға түсінікті жауап береді.


Сөйлегенде сөйлемдердің түрлерін (жай және күрделі), сын есімдерді, етістіктерді, үстеулерді, қосымшаларды қолданады; түсінікті сұрақтар қойып және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап береді.

Негізгі ойды дұрыс жеткізеді, өз пікірін айтады

монологты байланыстырып құра біледі, әңгімені бірізділікпен айтады, шағын логикалық және хабарлау сипатындағы әңгімелерді құрастырады.

7

Көркем әдебиет

Тиісті суреттерді қолдана отырып, шағын әңгімелерді, өлеңдерді, тақпақтарды тыңдайды және түсінеді; кітаптардағы суреттерді өз бетінше қарайды.


Таныс шығармаларды көрнекіліксіз тыңдайды; кітаптардағы иллюстрацияларды қарайды, суреттердің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, халық ауыз әдебиеті туындыларына эмоционалды үн қатады.


Әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді;

кітаптардағы суреттерді өз бетінше қарайды, түрлі оқиғаларға, кейіпкерге өзінің қарым-қатынасын білдіреді.


Таныс ертегілер мен әңгімелердің мазмұнын қайталап айтады; кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарайды, ертегі әңгіме құрастырады, өзіне ұнайтын бірнеше шығармаларды атай алады, әдеби кейіпкерлерді ойында қолданады.

Өлеңдерді мәнерлеп, интонациямен оқиды; сюжеттің бірізділігін сақтай отырып,

өз бетінше шығарма мазмұнын қайталап айтады; кітаптарға қызығушылық танытады; өлеңдерді мәнерлеп оқиды.

8

Қазақ тілі

-----

-----

Қазақ тіліне тән дыбыстарды, осы дыбыстармен берілген сөздерді айтады;

өзіне айтылған сөздерді ынта қойып тыңдайды және түсінеді;

алынған ақпаратқа сәйкес өзінің ойын білдіреді;

күнделікті жиі қолданылатын сөздердің мәнін түсінеді және оларды ауызекі сөйлеуде өз бетінше дұрыс қолданады;

туыстық қатынасты білдіретін сөздерді түсінеді және атайды;

 сөз тіркестерінің мәнін түсінеді, оларды өз бетінше құрайды; 

қысқа тақпақтар мен санамақтар, жаңылтпаштарды жатқа айтады.

сөйлегенде бұйрық райлы етістіктерді жеке қолданады;

кітаптағы суреттерді, ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап береді, оларды жай сөйлемдермен сипаттайды;

таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мазмұнын өз бетінше қайталап айтады.


 Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар туралы біледі; 

ұжымдық әңгімеге қатысады, әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен сөйлейді;

еркін ойындарда және сахналық қойылымдарда адамдар мен жануарлардың эмоционалды көңіл-күйін жеткізеді;

түрлі балалар әрекеттерінде өзінің және құрдастарының әрекетін түсіндіреді және дәлелдейді;

қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтады;

туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді біледі;

 өзінің отбасы, отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар, салт-дәстүрлер туралы айтады; 

төрт түлікті бағатын адамдардың кәсіпшілік атауларын біледі;

төрт түліктің төлдерін дауыстап шақыра алады;

өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтарды жатқа айтады;

жұмбақтардың жауабын табады;

шешендік өнерге, айтыс өнеріне қызығушылық танытады;

шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытады;

кейіпкердің іс-әрекетіне өз ойын білдіреді;

шығарма кейіпкерлерінің бейнесін сахналық қойылымдарда жеткізеді;

еркін ойындарда кейіпкерлердің бейнесін басқа қырынан көрсетуге тырысады;

сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолданады;

өз ойын жай және жайылма сөйлемдермен жеткізеді;

қарым-қатынас барысында балаларды қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдермен жауап береді;

өзі мен құрдастарының жауабындағы қателіктерді және жауаптың дұрыстығын ажырата алады;

 бір-бірімен еркін диалог құрады; 

таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша, өз бетінше ретімен қайталап айтады;

өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастырады;

ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен сипаттайды;

берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табады.


Қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіреді;

ауызекі сөйлеуде көркем сөздерді қолданады;

қазақ тіліне тән ә, ө, қ, ү, ұ, і, ғ, ң, һ дыбыстарын, осы дыбыстардан тұратын сөздерді дұрыс айтады;

сөздегі дыбыстардың орнын ажыратады;

қазақ халқы қолөнер шеберлерімен жасалған бұйымдарды біледі;

киіз үйдің заттарын және тұрмыстық заттарды білдіретін сөздерді біледі;

азық-түлік атауларын атайды;

аңшылық кәсіпке, мал өсіруге байланысты, егіншілік кәсіпке байланысты сөздерді біледі және оны ауызекі тілде өз бетінше қолданады;

туыстық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді біледі;

өзінің бауырлары, туыстары, ағайындары, отбасылық мерекелер, басқосулар, тойлар, салт-дәстүрлер туралы айтады;

өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтарды жатқа айтады;

жұмбақтардың жауабын табады;

шешендік өнерге, айтыс өнеріне қызығушылық танытады;

сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолданады;

интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолданады;

өз ойын жайылма сөйлемдермен жеткізуге тырысады;

өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге тырысады, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдайды;

әңгімелесушіге сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап береді;

таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтады;

тыңдалған көркем шығарма мазмұнын ретімен, жүйелі түрде жеткізеді;

кейіпкерлердің диалогын мәнерлі интонациямен береді;

шығарманы рөлдерге бөліп сомдайды, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізеді;

тыңдалған шығарманы еркін талқылауға қатысады;

бір-бірімен еркін диалог құрады;

өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастырады;

ойыншықтар мен заттарды 5-6 сөйлеммен сипаттайды;

заттар мен ойыншықтар, сюжетті суреттерді сипаттауда сөздерді дәл және дұрыс қолданады;

берілген мәтіннің басталуын және соңын ойдан құрастырады;

 ересектермен қарым-қатынас жасауда өз ойын еркін жеткізеді. 

9

Сауат ашу негіздері

-----

-----

-----

-----

Сөздерді буындарға бөледі, олардың саны мен ретін анықтайды; берілген буынға сөз құрастырады; сөздегі буындардың санын анықтайды;

берілген сөздерден жай сөйлемдер құрастырады; қаламды дұрыс ұстай алады; қолды жазуға дайындауға берілген тапсырмаларды орындайды

Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту

1

Сенсорика

Заттармен әртүрлі әрекеттер (ашу-жабу, өткізу-шығару, домалату, қадау, сабақтау, қою, байлау, төсеу) орындайды; біртекті заттарды ортақ белгісі (өлшемі, пішіні) бойынша топтастыра біледі.

Үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды; заттарды негізгі түсі, көлемі, пішіні бойынша ажыратады.


-----------

-----------

-----------

2

Математика негіздері

-----------

-----------

"Көп", "бір" ұғымдарын ажыратады; қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табады; салыстыру (қатар қою, беттестіру) тәсілімен заттарға тән айырмашы-лықтарды таниды және атайды.


5 көлемінде санай алады, сандарды ретімен атайды;

 ұзындығы, ені, және биіктігі бойынша әртүрлі және ұқсас екі затты салыстырады, геометриялық фигураларды және геометриялық денелерді ажыратады және атайды; заттарға тән ерекшеліктерді және белгілерді иісі, дәмі, дыбысы негізінде қабылдайды. 

10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі;

заттарды әртүрлі белгілері бойынша (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) салыстырады; геометриялық пішіндерді (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) ажыратады және атайды; заттардың қасиеттері мен белгілерін қарастырады.

Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

1

Сурет салу

-----------

Дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелейді; түстерді ажыратады және оларды дұрыс атайды.


Сызықтарды, штрихтарды, дақтарды, бояуларды ретімен қолдана біледі; негізгі түстерді дұрыс атайды.


 Пішіні мен түсін ескере 

отырып, жеке заттарды және сюжеттік композицияларды салады; қаламды, қылқаламды, борларды дұрыс ұстайды;

қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктерді таниды.

Бояулармен қолдануды, бояғышта акварельді сумен араластыруды, қанық түстер алу үшін қарындашты түрліше басып бояуды біледі.

2

Мүсіндеу

Жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндейді.


Мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін (кесектерді үлкен бөліктерден бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады) қолданады.


Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндейді; жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіреді.


Бірнеше бөліктен тұратын заттарды пішіндейді, олардың орналасуын ескере отырып, пропорцияларды сақтай отырып, бөліктерді байланыстырады; мүсіндеуде қысу, тарту, басу тәсілдерін қолданады; ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына қарапайым композициялар құрастырады;

ұжымдық жұмысқа қатысады.

Сазбалшық, ермексаз және пластикалық массадан мүсіндеу ерекшеліктерін біледі; шынайы бейнесіне қарап және ойдан пішіндері мен өлшемі әртүрлі таныс заттарды мүсіндейді.


3

Жапсыру


---------------

Фланелеграфте геометриялық фигураларды, машиналарды, үйлерді, шарларды, гүлдерді орналастырады.


Ересектер даярлаған ірі және ұсақ элементтерді орналастырады және желімдейді.


Қайшыны дұрыс ұстайды және оны қолдана алады;

қысқа және ұзын жолақтарды қияды;

 текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қияды; 

жеке бөліктерден тұратын заттарды орналастырады және желімдейді.


Таныс немесе ойдан әртүрлі бейнелерді, қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қияды; жапсыруда заттардың өлшеміне қарай арақатынасын, әртүрлі заттардың бөліктерінің пішінін, олардың құрылымын, пропорцияларын береді.

4

Құрастыру


-----------

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша құрастырады.


Ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыра алады.


Құрылыс бөлшектерін ажыратады және атайды, оларды құрылымдық қасиеттерін ескере отырып пайдаланады; қағаздан, табиғи және қалдық материалдан құрастырады.


Қалдық және табиғи материалдан құрастырады;

 көрнекілікке сүйене отырып, елестетуі, ойлауы бойынша қолдан бұйымдар жасайды; жазық қағаз пішіндерді көлемді пішіндерге өзгертеді; 

жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

5

Музыка

Әннің әуені мен сөздерін тыңдайды; айналадағы дыбыстарға еліктейді; музыкамен жүреді; қарапайым би қимылдарын орындайды; барабан және ағаш қасықтарды соғып ойнайды.


 Әнді тыңдайды және оның мағынасын түсінеді; әннің жекелеген сөздері мен буындарын қосып айтады; 

қарапайым би қимылдарын орындайды.


Музыкалық шығарманы соңына дейін тыңдайды; ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айтады; билейтін әуендерге сәйкес қимылдарды өз бетінше орындайды.


Музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдайды; әуенді таза және сөздерді анық айтады; музыканың сипатына сәйкес қимылдарды орындайды.


Қарапайым музыкалық жанрларды ажыратады (ән, күй, марш, би);

әннің сөзін анық, дауыстап, баяу айтады, музыка сипатын қабылдайды және жеткізеді;

таныс әндерді өз бетінше музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру

1

 Қоршаған ортамен таныстыру 


Фотосуреттерден өзін таниды;

өзіне жақын адамдарға күлімсірейді басын изейді, қолын бұлғайды;

қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады;

сумен, құммен ойнайды;

гүлдеп тұрған өсімдікке қызығушылық танытады;

жануарларға қызығады, олардың дауыстарын салады;

өзіне жақын отбасы мүшелерін таниды,

ересектердің дауысын тыңдайды, олардың қимылдарына еліктейді, оған көмекке жүгінеді;

мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын біледі: амандасады, қоштасады, алғыс айтады;

құрдастарына мейірімділік танытады;

қоршаған ортаның заттары мен табиғат құбылыстарына қызығушылық танытады;

өлі табиғат заттарын (су, құм, тас) біледі;

гүлдеп тұрған өсімдікті бақылайды және оның бөліктерін көрсетеді;

  кейбір көгөністер мен жемістерді шынайы өзін, суретін таниды және атайды; 

  қоршаған ортадағы жануарларға, құстарға қызығады, олардың дене бөліктерін көрсетеді, дауыстарын салады, қимылдарын ойындарда қайталайды; 

өсімдіктер мен жануарларға қызығушылық танытады, оларға қамқор болуға тырысады.


Есімін атағанда жауап береді, өзін айнадан және фотосуреттерден таниды;

ата-анасын және өзіне қарап отырған басқа ересектерді таниды, олардың аттарын атайды;

өздері тұратын үйін және пәтерін таниды;

 заттарды және олармен әрекет етуді біледі, оларды суреттен таниды; 

құрдастарымен бірге ойнай алады;

ересектердің еңбек әрекеттерін бақылайды;

ересектердің әрекеттеріне қызығушылық танытады;

 тұрмыстық қарапайым әрекеттерді орындай отырып, ересектерге еліктейді; 

жақындарына жанашырлық, қамқорлық танытады;

 дәмі, сыртқы белгілері бойынша көгөністер мен жемістерді ажыратады және атайды; 

жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады;

үй құстарын таниды және атайды;

табиғаттың маусымдық өзгерістерін атайды;

 табиғи материалдардың қасиеттері туралы түсініктері бар; 

 өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық танытады: оларды жақсы көреді, сипайды; 

басқа балалармен бірге, келісіп ойнайды, бір-біріне көмектеседі және жетістіктеріне бірге қуанады;

ненің "дұрыс" немесе "дұрыс емес", "жақсы" немесе "жаман" екенін түсінеді;

серуенде, сумен, құммен көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктері бар, көлік құралдарының кейбір түрлерін біледі.


Отбасы мүшелері мен өзіне жақын адамдардың есімдерін атайды;

сюжетті-рөлдік ойындарда отбасы мүшелерінің рөлдерін сомдайды; әртүрлі ойындарды өз бетінше ойнай алады;

дербестік танытады: киінеді, жуынады және тістерін тазалайды;

қазақ халқының тұрмыстық заттарын атайды;

көлік құралдарын атайды;

жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелерді біледі;

балабақша және балабақша қызметкерлері туралы түсінігі бар;

тұратын қаласы мен ауылы туралы, Қазақстан Республикасының бас қаласы, мемлекеттік рәміздері туралы бастапқы түсініктерге ие;

 қазақ халқының дәстүрлі киіз үйін біледі; 

 "дұрыс" немесе "дұрыс емес", "жақсы" немесе "жаман" әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерге ие; 

тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылық танытады;

туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы түсініктерді меңгерген;

 кейбір көгөністер мен жемістерді дәмінен ажыратады және атайды; 

үй жануарлары мен жабайы жануарларды таниды; 

табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылайды;

табиғатқа қамқорлық танытады;

табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқайды және атайды;

сыпайылық танытады: амандасады, қоштасады, көмектескені үшін бір-біріне алғыс айтады;

балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тазалық сақтайды; отбасы мүшелері мен өзіне жақын адамдардың есімдерін атайды;

 заттарды атайды және ажыратады, олардың сапалары мен қасиеттерін қарастырады және зерттейді; жаяу жүргіншілердің қарапайым ережелерін біледі; өздігінен қарапайым еңбек тапсырмаларын орындайды; 

жақсы және жаман әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерге ие; ауыл мен қала туралы, Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздері туралы бастапқы түсініктерге ие; кейбір көгөністер мен жемістерді ажыратады және атайды; үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратады; табиғатқа қамқорлық танытады; табиғатта қауіпсіздікті сақтайды.


Бала өзінің "Мен" бейнесін көрсетеді, ойын ашық айтады, өзінің пікірін білдіреді, өзімен санасқанды, өзін құрметтегенді ұнатады;

өзінің туған жерін біледі және атайды;

отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы біледі;

әскердің міндеті туралы түсініктерге ие;

отбасындағы үлкендерді сыйлайды, құрметтейді, кішілерге қамқорлық танытады;

жақын туыстарын біледі, олардың есімдерін атайды, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелейді;

еңбек етуге қызығушылық танытады;

тапсырманы жауапкершілікпен орындауға тырысады;

бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді;

 ойыншықтарды жинауда тәрбиешіге көмектеседі; 

кезекшілердің міндеттерін өз бетінше орындайды;

ересектердің мамандықтары туралы біледі;

отбасы мүшелерінің еңбегі туралы біледі, қызығушылық танытады;

өзара көмек беруге дайын, ренжіген балаға жанашырлық танытады;

басқа балалармен бірге , келісіп ойнайды,құрдастарының өтініші бойынша ойыншықтарымен бөліседі;

айналасында болып жатқан жағдайларды ой елегінен өткізіп, өзінің әділ пікірін білдіреді;

 ренжіткені үшін құрдасынан кешірім сұрайды; 

материалды ескере отырып, заттар мен нысандарды таниды;

ойыншықтарға, кітаптарға, ыдыстарға ұқыпты қарайды;

кейбір мамандықтардың маңызын, атауларын біледі;

Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарайды;

өз Отанын – Қазақстан Республикасын мақтан тұтады;

жолда жүру ережелерін біледі;

көлік түрлері мен жол түрлерін атайды;

қоғамдық көліктегі мәдени мінез-құлық ережелерін біледі;

мәдени мінез-құлық және сыпайы қарым-қатынас негіздерін біледі;

ересектердің әңгімесіне араласпайды;

сыпайы түрде өз өтінішін білдіреді, көрсеткен қызметі үшін алғыс айтады;

табиғат құбылыстарын атайды және ажыратады;

бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілейді;

ауа-райындағы және табиғаттағы маусымдық өзгерістерде қарапайым байланыстар орната алады;

жабайы аңдарды, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуін біледі;

өсімдіктердің өсуі үшін жер, топырақ, су, күн, жарық, ылғал, жылудың қажеттілігін түсінеді;

 жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді салыстырады, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды біледі; 

 өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым әдістерін біледі; 

 қарапайым тәжірибеге қызығушылық пен әуестік танытады; 

қоршаған ортада, табиғатта қауіпсіздікті сақтайды.


Өзінің болашағына, табысты болу үшін білімнің қажеттігін түсінеді;

еңбекқорлық пен жауапкершіліктің маңызын түсінеді;

өз күші мен мүмкіндіктеріне сенеді;

туыстық байланыстарды түсінеді, жеті атасын біледі;

үлкендерді сыйлайды, кішіге қамқорлық танытады;

қолынан келгенше көмектесуге тырысады;

отбасы мүшелерін жақсы көреді, оларға алғыс айтады, сыпайы сөйлейді; өз ойын түсінікті жеткізеді, өзінің пікірін айтады;

 заттардың қандай материалдардан жасалғанын өз бетінше анықтайды және олардың сапалары мен қасиеттерін сипаттайды; 

ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың. қолданылуын біледі;

айналадағы заттар, ойыншықтар адамның еңбегімен жасалғанын біледі және оларға ұқыпты қарауға тырысады;

еңбек ардагерлерін, қарттарды құрметтейді, үлкенді сыйлайды, олардың еңбегін бағалайды;

Мемлекеттік мерекелердің маңыздылығын түсінеді, оларға белсенділікпен қатысады;

 Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлерін біледі, оларды құрметтейді; 

Қазақстанның әсем табиғаты, көрнекі жерлері мен тарихи орындарының маңыздылығын түсінеді; қазақ халқының құндылықтарын құрметтейді;

өз Отанын жақсы көреді,, Қазақстан әскері туралы түсінігі бар;

Кеңес Одағының батырларын біледі, оларды құрметтейді;

өз іс-әрекеттері мен басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалай біледі;

еңбек етуде, шығармашылық әрекеттерде жақсы нәтижеге жетуге ұмтылады;

сеніп тапсырған тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға тырысады;

 айналасындағыларға әрқашан әділ болуға, оларға қолдау көрсетуге, көмек беруге тырысады; 

балабақшаның үй-жайларында, жақын маңдағы шағын ауданда еркін бағдарлайды;

арнайы көлік құралдарының қолданылуы туралы біледі;

өлі табиғат заттарын адамның қолымен жасалған заттардан ажыратады;

 тірі және өлі табиғат, табиғат құбылыстары арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды бақылайды және түсінеді; 

 заттар мен құбылыстардың өзіне тән, сипаттамалық белгілерін бақылайды, талдайды, салыстырады, ажыратады; 

туған өлкенің ағаштарын, бұталарын, гүлдерін, шөпті өсімдіктерін таниды және ажыратады;

 өсімдіктерді бақылап, себеп-салдарлық байланыстарды ажыратады; 

өсімдіктерге күтім жасау әдістерін біледі;

жануарларды әртүрлі белгілері бойынша топтастырады;

таныс материалдармен өз бетінше эксперимент жасай алады;

нанға ұқыпты қарайды, адамдардың еңбегін құрметтейді;

Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар мен олардың төлдерін ажыратады және атайды;

төрт түліктің пайдасын біледі, оларды күтіп-баптайды;

жыл құстары мен қыстайтын құстарды ажыратады, құстардың пайдасын біледі, оларға қамқорлық жасайды;

адамның табиғаттың бір бөлігі екендігін біледі;

 табиғатты қорғау, сақтау, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы біледі; 

тірі объектілердің өсуі мен дамуы үшін су, жарық, ауа, қорек және айналасындағылардың қамқорлығы қажет екенін түсінеді;

қоршаған ортадағы тірі және өлі табиғат объектілеріне қамқорлық танытады;

ата-анасының, жақындарының мамандықтары туралы әңгімелейді, ересектердің еңбегін құрметтейді және бағалайды;

үй жұмыстарына көмектеседі;

кезекшінің міндеттерін, топта және балабақша ауласында шамасы келетін тапсырмаларды өз бетінше орындайды;

ересектердің еңбегін құрметтейді;

Қазақстан Республикасының Президентін біледі, оны мақтан тұтады;

 жол қозғалысы ережесін біледі; 

қоршаған ортада, табиғатта тәртіп ережелерін біледі;

ненің "дұрыс" немесе "дұрыс емес", "жақсы" немесе "жаман" екенін түсінеді және ажыратады.

2

Қауіпсіздік

"Болады", "болмайды", "қауіпті" сөздерінің мағынасын түсінеді;

серуенде қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін біледі.

Серуенде және сумен, құммен ойындарда қауіпсіздік ережелерін біледі;

жолдағы қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін біледі.

Топта, серуенде және табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтайды.

Ойын барысында, спорт жабдықтарын қолдануда қауіпсіздікті сақтайды; өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларына ие;

көшеде, аулада, мектепке дейінгі ұйымның аумағында қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтайды;

қоршаған ортадағы қарапайым мінез-құлық ережелерін біледі, сақтық танытады.

Өз өмірінің қауіпсіздігін түсінеді және сақтайды;

қоғамдық орындарда мінез-құлық ережелерін сақтайды;

үйдегі, балабақша тобындағы міндеттерін біледі;

ұялы телефон, смартфон, компьютер, ғаламтор, теледидардың қолданылуын біледі.