Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған электронды порталдар
«TILQURAL.KZ» - мемлекеттік тілді кезең-кезеңімен үйренуге арналған веб-сервис. Сайтта қазақ тілін меңгеруге ниеттеніп жүрген ересектерге А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар. Сайт сөздік қорын толықтыруға, жаңа сөздердің мағынасын түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға көмектеседі.
Қосымшаны Android, iOS платформалары арқылы жүктеуге болады. Сонымен қатар электронды оқулықтарды web-порталдан смартфонға жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚУҒА АРНАЛҒАН "BALATILI.KZ" САЙТЫ
«Вalatili.kz» сайты үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналған сайт. Сайт интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы навигация жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.
\ «Tilmedia.kz» сайтындағы қызықты және тиімді тәсілдер арқылы қазақ тілін үйренуге болады.
Сайт жұмысы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін насихаттауға, олардың қолданылу аясы мен әдістемесін кеңейтуге бағытталған. Тілдерді оқыту әдістемесі аудио және бейне мазмұнға негізделген. Сайтта латын және араб графикасы қарастырылған.
Сайт «Ақпарат», «Қара», «Тыңда», «Оқы», «Сұрақ-жауап» атты 5 блогтан тұрады.
https://sozdikqor.kz/
"Sozdikqor.kz" порталына 60-қа жуық әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялар таңдап алынды. Атап айтқанда Қазақ әдеби тілінің 15-томдығы, Абай тілі сөздігі, Ахмет Байтұрсынұлы энциклопедиясы, қазақ тілінің синонимдерінің сөздігі, қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі және т.б. Қазіргі таңда портал қорына 300 мыңға жуық сөз кірді.
«TERMINCOM.KZ» ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ БАЗАСЫ
"Termincom.kz" сайты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді бірыңғай электрондық базаға үздіксіз енгізу, қазіргі заманғы ғылым, білім, техника және экономика, қоғамдық-әлеуметтік бағыттар бойынша салааралық терминологиялық қорды біріздендіру және жетілдіру мақсатында құрылды
«EMLE.KZ» ОРФОГРАФИЯЛЫҚ БАЗАСЫ
«QUJAT.KZ» ЭЛЕКТРОНДЫ БАЗАСЫ
«Qujat.kz» - құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде сауатты әзірлеу бойынша үлгілер мен нұсқаулықтар берілген электрондық база.
QAZLATYN.KZ (сайт/конвертер)
«Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) - еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін негізгі ұлттық портал.